тамак турлери рецепт казакша
Еттен жасалатын тағамдар
Қазақ халқының ең жақсы көретін тағамдарының бірі — ет. Сіздерге еттен жасалатын тағамның бірнеше түрін ұсынамыз. Олардың тағамдық құндылығы өте жоғары.
Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.
Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Әр қос қабырғадарың ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін 1-2 сағат суық суға салады. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. Қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып жығады. Қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. Қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. Қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытып тажеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігі қосады. Бұрышпен тұзды татымына қарай салады.
Қимай – соғымға сойылған сиыр етінен дайындалатын кәделі тағам. Сиырдың тоқ ішегін тұздап, айналдырып оның ішіне кесек етіп туралған төстік пен төстің етегін, бұрыш, тұз, жуа қосылған етті салады. Қимайға төс етінен басқа сан, қол еттері де пайдаланылады. Шұжық сияқты қимай салынған ішектің де екі ұшы істікпен түйреліп, ыстап кептіріледі. Қимайды асып жеуге де, жазғытұрым ет азайған кезде құырып жеуге де болады. Қимайдың ерекшелігі, оның майы мен қара кесек еті тең болады. Оны кейде «сиырдың қазысы» деп те атайды. Қимайды салқындатып асқан етке қосып береді. Майлы ет 500 г, 1 шай қасық тұз, 2 түйір жуа, жарты шай қасық қара бұрыш керек.
Ми палау – ұлттық тағамдардың ішіндегі дәмді де, сүйкімді тағам. Оны жасау үшін піскен бастың миын, желке-жүйдесін, екі көзін, бастың құйқасың алып, ұсатып турайды, үстіне шамалап сорпа құйып барлығын араластырады. Сондай-ақ ми палау дәмді болу үшін оған бұрыш, ұсақтап тұралған пияз (1 бас) қосып, тұзды татымына қарай салады. Ми палауға: 200г құйрық май, бастың миы, құйқасы, екі көзі, пияз, бір шымшым қара бұрыш, 3 ас қасық сорпа, 200 г бауыр керек.
Қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтап әзірлейді. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бүрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады. Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға қояды. Қуырдаққа: 1 кг ет, 500 г өкпе, 500 г бауыр, 300 г жүрек, 200 г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.
Тамак турлери рецепт казакша
Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.
Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.
Қышқыл-тәтті тұздықтағы қабырғалар
Эби темпура ролдары
Қыша тұздықтағы ор қоян
Ет триосынан фрикаделькалар
Тофу қосылған қуырған көкөністер
Маринадтағы қой қабырғалары
Тауық қосылған күріш кеспе
Хойсин тұздығындағы құныс балық
Шараптағы кесек ет
Ветчина мен ірімшік қосылған крептер
Саумалдық қосылған инвольтини
Бұзау етінен жасалған медальондар
Король таңқы шаяны
Зімбір қосылған сиыр еті
Баурап алатын ветчина
Татымды сорпадағы варениктер
Грильдегі хош иісті ақсерке
Бешамель тұздығындағы тауық
Хош иісті шөптер қосылған теңіз тілі
Чили қосылған шошқа еті
Тауықтан жасалған каччиаторе
Банья кауда тұздығындағы алабұға
Саңырауқұлақ пен саумалдық қосылған тауық
Қытайбұршақ маринадтағы шошқа еті
Грильдегі шошқа жаншылмалары
Саумалдық қосылған күркетауық
Бал глазуріндегі үйректің сүбесі
Шабылған тауық еті котлеттері
Қабырғадан жасалған қант типи
Неаполитандық сиыр еті
Грильдегі жолақ алабұға
Прошуттодағы қоңды стейк
Көкөніс шекпендегі балық
Қой етінен жасалған кәуап
Томат тұздығындағы паста
Аджика қосылған от картоп
Саңырауқұлақ пен аджика қосылған хинкали
Сарымсақ тұздығы қосылған тауық
Қаймақ-сарымсақ тұздығындағы асқабақ
Бал тұздықтағы тауық қанаты
Қой еті турамасы бар бақташы бәліші
Баялды мен турама қосылған көмеш
Духовкадағы картоп қосылған тауық
Духовкадағы істікшелердегі тауық
Кәді, картоп және Тартар тұздығы қосылған омлет
Шөптер қосылып тұмшалап пісірілген тауық төстері
Шампиньондар мен ірімшік толтырылған бұрыш
Жаңалықтар жіберу
Жіберілімге жазыл
және жаңа рецепттерді поштаңа ал
Жоба туралы
«Дәмдінің бәрі оңай» – кейде бала кезден белгілі қарапайым рецепттер өз бойында жаңа дәмдер мен аспаздыққа деген жаңа көзқарасты жасырады, тек дұрыс тұздықты таңдаған және қосқан жеткілікті.
Байланыс деректері
© 2021, «Дәмдінің бәрі оңай»
Жаңалықтар жіберу
Жіберілімге жазыл
және жаңа рецепттерді поштаңа ал
Жоба туралы
«Дәмдінің бәрі оңай» – кейде бала кезден белгілі қарапайым рецепттер өз бойында жаңа дәмдер мен аспаздыққа деген жаңа көзқарасты жасырады, тек дұрыс тұздықты таңдаған және қосқан жеткілікті.
Фасоль
Соңғы кезде фасольді жиі жасайтын болыппын. Енді айнаға қараған сайын, фасольдің салмақ қосады дегендері рас-ау деп ойлап қоямын 😅 сонда да сондай ұнайды 🙈 әсіресе қасында күріші болса.. Фасольді алдын ала түнде суға жібітіп пісіруші едім бұрын. Гүлфияның айтқан әдісі өте қолайлы екен, осында жазып сақтап қояйын дедім.
Фасольді жуып салқын суда 30 минуттай жібітіп қойыңыз. Енді сол сумен бірге отқа қойыңыз да, қайнағанда бір қысым сода қосыңыз. Осы күйінше 1 сағаттай жәй отқа қойып пісіріңіз. Сол бір сағаттың ішінде етті, пиязды, сәбіз беп сарымсақты турап, томат пастасын қосып майға қуырасыз. Дәмдеуштер мен толық жауып тұратындай етіп қайнаған су қосып, қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Қасына күріш пісіруді ұмытпаңыз..М-мм 😋
брюсселдік вафли
Былтыр жазғы Еуротурдан дәмді естелігім – брюсселдік вафли. Сол кезден бері жасағып келіп жүрген тағамның бір түрі. Тұған күніме сыйлыққа түсетін вафли пісіретін арнайы құрылғыны күтіп жүрдім )) оны маған алып берген ініме рахмет. Бельгияда вафли фаст-фуд ретінде кеңінен таралғанын көргенімде шын таң қалғаным есімде. Үстіне неше түрлі жеміс, қаймақ, бал мен шоколад қойып түрлі-түрлі етіп дайындайды. Бүгін мен ең қарапайым әрі дәстүрлі түрін – үстіне қант пудрасы себілгенін жасап көрдім:
Алдыменен жылы сүтке ашытқы мен аздап қант ерітіп, жылы жерге қойып қою керек. Ашытқы көтерілген кезде жұмыртқа сарыларын қосып (жұмыртқа ағын бөлек ыдысқа бөліп қою керек), қалған қант пен еріген сары май қосып араластырамыз. Ұн мен ванилин қосып тағы араластырамыз. Енді бөлек тұрған жұмыртқа ақтарына аздап қана тұз қосып жақсылап миксерлеу керек. Апақ мақта тәрізді болып үлкейеді. Енді осыны негізгі қоспаға қосып, қасықпен жаймен араластырып қою керек. Вафли қамыры дайын. Осыны енді бір сағатқа дейін қойып қойсаңыз, қамыр одан сайын көтеріліп, вафли үлпілдеген болып піседі. Дайын қамырды вафли пісіретін ыдысқа екі ас қасықтан қойып пісіру ғана қалды. Негізі көбіректен қойсаңыз да болады, талғамыңызға қарай. Вафли құрамында май мөлшері жеткілікті болған соң, ыдысты майлап тұрудың қажеті жоқ.
п.с.: Менің ашытқым ескілеу болып шықты да, қамырға қосымша ретінде разрыхлитель қосқан едім. Бұл қулығым вафли дәміне ешқалай әсер етпесе де, нағыз брюсселдік вафлилер ашытқымен жасалынатынын ескерткім келеді )
дайын жаймадан көже
Үйде былтыр Абердиндегі оқуларын бітіріп кеткен қазақтардан қалған көөөп дайын қамырымыз бар. Соларды бір пайдаға жарап көже пісіретін болдым өткенде (қазақша ет аса салуға мұрша жоқ). Сол көже төмендегідей болып шықты. Қамыр белорустардың клецкиі сияқты да емес, қолдың сорпасы сияқты да болып шықпады )) неге екені.. Қызық болды дегенмен. Тағы бір эксперимент ретінде тұз орнына соя соусын қостым. Молынан. Жо, тұзымыз жоқ емес бар ғой үйде, өзімше тұз бен қант тұтынуды азайтайық деген ниет біздікі ) Өзіме ұнады. Қасымдағы қыздарға да.. ұнаттырылды ))))
Қазанымызды жақсылап қыздырып аламыз. Осы уақытта сәбіз, пияз, ет, бұрыш бәрін төртбұрыштап турап аламыз. Ыстық қазанға май құйып, алдыменен сәбіздерді қуырып аламыз. Сәбіздердің түсі өзгерген кезде ет салып, қазанның қақпағын жауып қоямыз. Ет өз суы мен майына пісуі үшін. Пияз қосып оның да түсі өзгергенге дейін қуырамыз. Енді кезек кезегімен соя соуысын, карри ұнтағын, түрлі кептірілген дәмдеуіштерді (олармен жақсы, бірақ оларсыз да болады), томат пастасын, тәтті бұрыш пен қара және қызыл бұрыш қосып араластырамыз. Қайнаған су қосып үстін жауып, астын басып қайнатамыз. Осы уақытта жаймаларды қолмен майдалаймыз. Балалары бар үйде бұл жұмыс кішілерге берілсе болады (оларға ұнауы тиіс гыгы). Енді қайнап тұрған көжеге жаймаларды салып, оны көп дегенде тағы бес минут пісіреміз (жаймалардың қалыңдығына қарай). Астарыңыз дәмді болсын!
п.с.: Бүгін соя соусын қосып картоп бастық. Керемет дәмді болды. Соя соусының үлкен фанатына айналатын сияқтымын ))
жексенбілік картоп пен жұмыртқа пісірмесі
Соңғы күндері сабақтан бас көтере алмай қалдым ғой. Бір аптада екі жазбаны тапсыру керек. Оның алдында презентация бар еді. Қысқасы, оқу бітуге жақындаған сайын күрделеніп бара жатқандай )) Өзіме мынандай қулық ойлап таптым: мен жұмыс істейтін лаптоптың батареясы толық 5.5 сағаттық жұмысқа жетеді. Содан мен сол 5 сағат жұмыс істеймін де, лаптопты зарядкаға қойып, өзіме шағын демалыс жариялаймын. Жақсы қыздар зарядкада тұрған лаптоппен жұмыстарын жалғастыратын да шығар, бірақ біз ондай емеспіз ғой, ішімнен өтірік болса да «қап, батарейкасы бітіп қалды» деп оны зарядкаға қойып, «бір демалып келейін» деймін ). Лаптопым бір сағатта толық зарядталады. Осындай бір сағаттық «демалыс» уақытысында BBC Iplayer’дан бір кино көріп аламын, немесе ас үйге барып бірнәрселер пісіруге асығамын ) Соңғы кездері өмірім лаптоптың зарядталуы арасында өтуде десем болады. гыгыгы. Бүгінгі таңғы асым да осылай туындаған болды.
Пияз бен картопты аршып, үккіштен өткізіңіз. Майға қуырып алыңыз. Арасында тұз бен қызыл не қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пісе бергенде төртке туралған қызанақтарды қосыңыз. Енді егер табаңыз духовкаға жарамды болса, қуырылған заттарды аздап суытып алып, ішіне екі жұмыртқа қосып араластырыңыз. Менің табамның қолы пластикадан жасалынған, сондықтан аталмыш заттарды бөлек ыдыста араластырдым. Ыдысты алдын ала майдалау керек емес. Енді үстіне ірімшікті қойып, духовкада пісіріңіз. Жұмыртқа көтеріліп, шеттері қызара бастаған кезде піскен саналады. Ас болсын!
лимон вареньесі
Өткенде лимондардан не істесем екен деп жүргенімде, қыздар осындай лимон вареньесын жасап көр деді. Жасап көрдім. Менің түсінігімдегі аренье үшін қышқылдау сияқты көрінді. Бірақ шәйға қосып ішкенге керемет дүние! Әсіресе сіздер жақта да қар жауып, дала суық болсы. Алдыменен 1-2 лимоннан жасап көріңіздер, талғамыңызға жарап тұрса тағы жасауға болады. Өйткені вареньенің жасалынуы оңай.
Лимондарды еттартқыштан өткізу керек. Мен майдалап турай салдым. Жарты лимонның қабығын аршып турадым, жартысын аршымай. Аршығаны ұнады. Енді қалауыңызша қант немесе бал қосып араластырыңыз. Қант толық ерігенге дейін. Мен бал қостым, вареньенің дәміне қарай балдан қосып тұрдым. Сосын аздап корица қосып араластырдым. Осымен варенье дайын болып саналады. Қайнатпай жасау керек. Менің ойымша қайнатылған лимонның жәмі кетеді.
духовкада піскен жас картоп (ағылшын тәсілі)
Бірнеше күн болды далада қар жауып, ауарайы суып кетті. Ертең де қар жауады деп жатыр жұрттар. Біздің асүйдегі терезеден көрініс міне осындай қазір. Иә, дала сұп-сұр ) Бірақ ағаштардың үстіндегі құс ұясына қарасаңызшы!
Екі құс көз алдымда салды ұяны, сондай романтика ) Енді дала суыған сайын құстардың осы ұясын уайымдайтын болдық. Әлі жұмыртқа салмаған деп сенгім келеді, бірақ кім білсін. Қыздар айтады осы жақтың құстары осы жердің суығына да желіне де үйренген деп, солай да шығар )
Бір жақсысы бұл жерде көктем келсін келмесін дүкендерден жас картоптарды оңай табуға болады. Өткенде соларды сәбізбен бірге духовкаға пісіріп едім, үсті аздап қытырлақ әдемі болып піскен еді. Чипсы ұнататындардың құлағына алтын сырға. Негізі осылай пісірілген (туралған) картопты potato wedges дейді екен, бірінші рет университеттің кантинінен жеп көргенмін. Содан өзім де жасап көргім келді. Басында да айтқанымдай бірінші рет сәбізбен пісіргенмін, бұл жолы сәбіз орнына брокколимен жасап көргім келді. Шының айтайын, өкіндім ) Брокколи қытырлақ болып піседі ма десем, суретте де көрініп тұрғандай өні сөніп бір түрлі болды (( Бірақ картоп әдеттегідей керемет болып пісті. Көктем келіп, базарларымызда жас картоп сатыла бастағанда сіз де алып жасап көріңіз.
Картопты жақсылап жуып, аршымай қабығымен тураңыз. Қалған заттармен араластырып, аздап ғана майланған пеш ыдысына бір қабат етіп картоптарды тізіңіз. Бетін ешнәрсемен жаппай үсті қызарғанша пісіріңіз.
Кәді, саңырауқұлақ пен жас көкбұршақ қуырмасы
Шотландияда жүргеніме жарты жыл болып қалды. Расын айтсам, осы уақыт түк сезілмеді өзіме ) Шет елде жүргендей емеспін, жаңа жерге үйрене алмай қиналған күнім да болмады, шүкір. Әлде ұмыттым ба? Жоқ, болмаған сияқты ) Тез үйреніп кеттім. Әсіресе дүкендеріндегі түрлі азық-түліктің молшылығына жақсы үйреніп алдым. Иә, бізде де көп нәрсе табуға болатыны рас. Ең қызығы осындағы бағаға шаққанда біздегі заттар да аса қымбат емес екен. Дегенмен, осы жақтағыдай көп нәрсе оңай табыла бермейді. Өкініштісі. Бір ретте рукколаны іздеймін деп, Алматыны шыр айналғаным есімде ) Әйтеуір Төлеби бойындағы азық-түлік базарынан тауып алғаныма шүкір. Ал, мұнда не керек десең де, бәрі қол астында.
Қысқасы, бұйырса осында жүргенімді пайдаланып, бұрын алып көрмеген заттардың бәрін алып, дәмін көріп, түрлі рецепттерді жасап көргім келеді. Шабытым асқақтап жүрген кездері ) Ал, шабытым басылып қалғанда төмендегідей қарапайым астан артық әуре не керек осы деймін да қоямын, еріншектігімнің артынан еріп )
Бұл астың бір жақсы жері, бәрі бір табаның ішінде піседі. Ағылшындар айтқандай one-pot dish. Жоғарыда да айтқанымдай қарапайым ас болды, бірақ тойымды әрі дәмді. Сонымен:
п.с.: Greek Yogurt – біздің қою (майлы) айран немесе қаймаққа ұқсайды. Оны бәліштер пісірген кезде қаймақ орнына қолданамын, керек кезде айран орнына.
авокадодан печенье/оладьи
Авокадоны бұрын суши ішінде ғана жейтінмін. Қазір кішкентай прогресс байқалады ) Мысалға өткенде авокадо қосып төмендегідей печенье-оладьи аралас бірнәрсе жасап көрдім (не екенін әлі шешпедім). Балмен қосып жеген дәмді болса да, бұларды қайтып жасап жасамайтыным жайлы екі ойлымын. Авокадо ұнатушыларындан емеспін. Дегенмен сіздер жасап көріңіздер.
Авокадоны аршып турадым да, қалған заттар мен араластырдым. Табаға екі жағын қызартып пісіріп алдым.
саумалдық қосылған түрікше бәліштер
Алиманың бізге жасап берген түрікше бәліштерімен бөлісейін бүгін. Негізі басында жасалу тәсілін видеоға түсіреміз ба деп едік, қырқ-қырқ күлкімен жетістіре алмадық онысын. Соткадағы видеоны да жақсылап түсініп алайын алдыменен деп видео-рецепттерді кейінге қалдырық. Again =)
Бәліш түрік ас үйіне тиесілі. Алматыда болғанымызда оны жасау үшін Рамсторға барып түрік юфкасын алар едік. Мына жақта юфка орнына қытайлық қамырды қолдандық. Юфка сияқты жұп-жұқа екен, қателеспесем күріш ұнынан жасалады-ау деймін, өйткені юфкаға қарағанда жақсы созылады екен. Негізінде юфкаға ұқсас мына жақта fillo pastry деген қамыр да сатылады, алып көрмедім онысын әлі. Бір күні алып онымен баклава жасап көргім келеді.. Ал, әзірге:
брокколи мен ірімшік толтырылған тәтті картоп
Тітті картопты алғаш рет Қытайда жеп көргенмін. Бір ресторандарында түскі асқа құр картоптың өзін пісіріп жегізді бізге. Ол кезде аса қатты ұнамаған еді. Түсі де құңарлы сары еместі, ашықтау түсте болатын. Сосын Кореяға барғанымда да көп кездестірдім бұл картопты. Уақыт өте бұл картоптың түрі де ұнай бастады маған (негізі маған ұнамайтын тамақ өте аз хихихи). Өткенде қыздармен сушиға керек заттарды аламыз деп қытай дүкеніне барғанымызда тәтті картопты көргенімде қолым өзінен өзі оған қарай созылды )) Содан бұл тәтті картоппен не пісіретінімді көпке дейін білмей жүрдім. Дұрысы білмедім емес, таңдай алмай жүрдім ) Құр өзін пісіріп та жегім келді, салат жасап та көргім келді, күрделі бір нәрсе жасап та көргім келді. Ақыры төмендегідей етіп пісірдім. Өте қарапайым да емес, өте күрделі де емес рецепт болды. Әсіресе ыстықтай жеген өте дәмді!
Мөлшерлерді жазбай беріп тұрмын өйткені қанша картоппен жасайтыныңызға, олардың үлкендігіне байланысты қалған заттардың мөлшері. Негізі талғамыңызға қарай ғой, ірімшікті көбірек ұнататындар ірімшікті көбірек қосар, брокколиді ұнататындар – брокколиді. Тәтті картопты Алматының қытай немесе корей дүкендерінен табуға болады.
Алдыменен картоптарды бірнеше жерден шаңышқымен тесіп, духовкада 40 минуттай пісіріп алыңыздар. Осы уақытта сарымсақтарды майдалап турап, майға қуырып алыңыз да, жуылып майда гүлдерге ажыратылған брокколиді қосып табаның үстін жауып 10 минуттай пісіріріңіз. Табаның асты қатты болмаса жақсы. Тұздағыздар. Картоп дайынболған кезде, яғни жұмсаған кезде духовкадан шығарып ұзынынан пышақпен кесіп, ортасын қасықпен ішке қарай езіңіз. Мен ішінен кішкене алып тастап жасадым (одан тағы бірдеңе пісірейін деп. пакора пісірсем бе екен?). Енді осы тесікке қоспамызды салу керек. Ол үшін брокколиді ірімшікпен араластырыңыз да тығыздап картоптың ішін толтырыңыз. Картопты қайтадан духовкаға қойып, ірімшік ерігенге дейін пісіріңіз. Ыстықтай жеңіздер.
жүрек формасында тунец қосылған бәліштер
» data-image-caption=»» data-medium-file=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130203_113243.jpg?w=300″ data-large-file=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130203_113243.jpg?w=640″ alt=»разрыхлитель қосылған ұн» src=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130203_113243.jpg?w=150&h=112″ width=»150″ height=»112″ srcset=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130203_113243.jpg?w=150&h=112 150w, https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130203_113243.jpg?w=300&h=224 300w» sizes=»(max-width: 150px) 100vw, 150px» />Өткенде аң-таң болып жaзып едім мына жақта разрыхлитель қосылған ұн сатылады деп, сол қатты таңқалғаным болуы керек сол ұнды сатып ала беріппіз. Бұл ұннын бір кемшілігі тәтті нан пісіргенге жақсы да, басқа нан үшін немесе кеспе үшін тәттілеу. Қатты емес бірақ сонда да. Төмендегі бәліштер де жай ұннан жасалынғанда жақсырақ болар ме еді. Әйтпесе тунец орнына тұздалмаған cottage cheese қосуға болар еді. Айтпақшы сottage cheese тура біздің сүзбе сияқты екен, бірақ байқап алу керек онысын, өйткені тұздысы да кездеседі екен ) Рецептті Quinn’s Baking Diary блогынан қарап алғанмын. Жалпы бұл бәліштер сәтті шыққан сияқты. Қыздар ұнатып жеді (мені соған сендіріп) әйтеуір =). Жүрек формасында орау тәсілі тұпнұсқа блогында түсіндіріліп жазылған.
(разыхлитель қосылған ұн қолданбайтындар, жарты ас қасық ашытқыны сүтке қосып алдын ала дайындап қоюі керек)
Қамырды илеп, жылы жерге кем дегенде жарты сағатқа қойып қою керек. Аз-аз қамырдан алып керек бәліш санына қарай домалақтар жасап алыңыз (менде 8 шықты). Енді әрқайсысын ұзынша етіп жұқалап, аяқ жағынан 1 cм шамасында қалдырып ортасынан пышақпен тіліңіз. Бәліштерге жұмыртқа сарысын жағып шығыңыз. Енді жүрек формасын келтіріп, арасына тунец-майонез-аскөк қоспасын қойып шығыңыз. Үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
нохуттан карри (chickpea curry)
Өткен жазуымда үнділердің пакорасы туралы жазыппын. Осы жолы сол елдің карриі туралы жазбақшымын )) негізі, арасында бір аптадан аса уақыт өтіп кетті, күнде үнді тағамдарды жасап жүр деп ойлап қалмаңыздар ) Осының арасында басқа да тағамдарды жасап жүрдік қой? бірақ аспаздыққа ілуге қол тимей жүрді. Ал мына нохуттан карриді ұнатқаным соншалық, одан ауыз тидім де компьютерге асықтым қалай жасағанымды жазып алайын, ұмытып қалмайын деп )) Сонымен:
Пияз бен сарымсақты майдалап турап майға қуырып алдым да, пияздың түсі өзгере бастаған кезде томат қостым. Егер томат орнына қызанақ қолданар болсам, оларды кейінрек қосар едім. Қатты езіліп кетпеулері үшін. Томат пен пиязды қуырып отырып бір жағынан конесервіленген нохутті ашып, суын ағызып алдым. Консервіленген нохуттың орнына, әрине, кәдімге нохут та жарайды. Ол үшін нохутты кем дегенде 1 түнге суға қойып жібітіп алу керек. Өз ыңғайыңызға қарай таңдарсыздар. Нохутты табаға салып пиязбен біраз қуырып алдым да, аздап су қосып бұқтырдым. Осы кезде күрішті жуып, тұздап және аздап сары май қосып оны бөлек ыдыста пісіруге қойдым. Нохутқа көк бұрыш пен түрлі дәмдеуіштерді қостым. Әрине бұл жерде ең басты дәмдеуіш – карри! ) Мен 3 шәй қасық қостым, бірақ негізінен көбірек қосса да болар еді. Ең соныңда жарты стакан қаймақ қосып, бәрін араластырып алдым. Осы жерде тұзын көріп алу керек, егер тұзы не бұрышы көп болса немесе карри тым қою болып көрінше тағы қайнаған судан қосуға болады. Ыстықтай жеген керемет, бірақ маған бәрінен де пісіп жатқан кездегі асүйдегі аромат ұнайды.. ммм!
» data-image-caption=»» data-medium-file=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130220_150844.jpg?w=225″ data-large-file=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130220_150844.jpg?w=640″ alt=»20130220_150844″ src=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130220_150844.jpg?w=112&h=150″ width=»112″ height=»150″ srcset=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130220_150844.jpg?w=112&h=150 112w, https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130220_150844.jpg?w=224&h=300 224w» sizes=»(max-width: 112px) 100vw, 112px» />
Түсінгенімше, осы жерде көп елдер күнде тамақ пісірмейді екен. Бір апталық тамақты бір күнде жасап, тоңазытқышқа қойып сақтап қояды екен. Айтайын дегенім, олар сияқты жасайтын болдым емес, бұл тамақтың көпке дейін бұзылмай тұра алатындығы ) Қай жағынан қарамасаң да, өте ыңғайлы екен. Эхх, осылай жүріп бір күні вегетерианец болып кетермін…
үнді пакора
Пакора үнділерде өте танымал екен. Біздің кириешкилер сияқты ) Соның өзінде 2007 жыды Үндістанға барғанымда жеп көрмеппін оларды (ол кезде бейтаныс тамақ жегеннен аулақ жүрдім). Қазақстанда үнді асүйлер де оңша көп кездестіребермейсің. Мына жерде сол ұлттың өкілдері өте көп екен. Содан олардың ресторан мен кафелері де көп. Аптасоңы Eat as much as you can (ашық буффет) кезінде барып тамақтанғанды жақсы көретініміз бір ресторан бар «Мензил» деген.. ммм.. тамақтары керемет енді! Бір жаманы осы күнге дейін оларда пакора көрмеппін. Пакораны мен алғаш рет осы ердің мұсылман әйелдер қауымының бір жиылысында жеп көрдім. Жай ұнаттым дей салу аз – пакораға ғашық болдым ) Қалай да жасап көргім келді. Интернетте түрлі рецепттерді қарап шықтып, мен ұнатқан пакораға ешқайсысы ұқсамады. Sunanda’s Kitchen блог иесі мен ұнатқан пакораға жақын бір рецепт жариялапты, соны негізге алып әйтеуір мен де жасап көрдім!
Түсінгенімше пакораға қалаған заттарды қоса беруге болады. Сондықтан менің пакораларым сол күні үйде болған заттардан жасалынды: картоп, сарымсақ, пияз, сәбіз, аскөк, көк пияз. Бірақ менікілердің дәстүрлі пакорадан ерекшелігі сонымен шектелменді. Ең бастысы ерекшелік менің керекті Gram немесе Besam немесе Chickpea ұнын қоспай мен кәдімгі ұнмен жасағаным болды. Бір күні бәрін дұрыстап жасап көргім келеді, бірақ айта кету керек төмендегідей жасағаным да жаман болған жоқ. Айран қосып ұнатып жеді қыздар.
» data-image-caption=»» data-medium-file=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130213_121949.jpg?w=300″ data-large-file=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130213_121949.jpg?w=640″ alt=»20130213_121949″ src=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130213_121949.jpg?w=150&h=112″ width=»150″ height=»112″ srcset=»https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130213_121949.jpg?w=150&h=112 150w, https://aspazdik.files.wordpress.com/2013/02/20130213_121949.jpg?w=300&h=224 300w» sizes=»(max-width: 150px) 100vw, 150px» />Картоп пен сәбізді пісіріп алдым да, төртбұрыштап тұрадым. Осы жерде де негізі тұрағаннан езіп пюре жасаған жақсырақ болар ме еді деп ойладым кейін. Көк пияздық ақ жағы мен саңырауқұлақтарды тұрап майға қуырып алдым. Енді бәрін араластырып, көк пияздың қалғаны мен аскөкті тұрап қостып. Бөлек ыдыста су мен ұн араластырдым. Кө мөлшерімен жасағаным үшін жоғарыдағы өлшем нақты емес, қоспа құймақтардың қамыры сияқты қою болуы керек. Осының бәрін араластырып, керекті және қалаған дәмдеуіштерді қосу керек. Айта кету керек пакораның қызыл бұрышы көбірек болғаны жақсы, дәмдірек. Енді қасықпен алып, бір бірден қызған майда екі жағы да қызарғанша қуыру ғана қалды. Ыстықтай да суықтай да жақсы!
шотландияның суығына қарсы ыстық көже
Англияның ауа-райы туралы көп айтылып, көп естілді. Шотландияның ауа-райын болса бірі білер, бірі білмес. Оны мен айтайын ) Мына жақта ауа-райы мың құбылады! Мысалға, таңертең қар жауып, түскісін бірден күн ашылып кетеді де, күннің көзге шалатыны соншалық кейбіреулер көзілдірік киіп жүреді.. сосын бір сағаттың шеңберінде жаңбыр жауып, аспанды қара бұлт жауып тастайды.. Осының бәрі бір тәуілікте. Өзгермейтін тек нәрсе – аптасына 7 рет, тәуілігіне 24 сағат соғатын қатты жел. Желдің қуаты соншалық, жел соққанда үйіміздің алдындағы ағаштар жас қыздардай «билеп» кетеді )). Ағаштың бұтақтары терезеге соғылып, желдің ызғары қатты естіліп тұрады. Қала сыртында емес, орталығында тұрсақ та үйіміздің дәл алында үлкен қалалық мазар барын қайтесіз. Қорқынышты болды ма? Қорқынышты болса, түсіндіре алғаным. Ал, әй бұл түк емес қой десеңіздер – басынан қайта оқып, бәрін екі есе үлкейтіп елестетіңіз )) Дейміз да, ертедегі шотландықтар тастан жасалынған қамалдарда қалай ғана өмір сүрген екен. Ол кезде терезе де жоқ, central heating те жоқ. Оны қойшы, олардың ұлттық киімдерін айтсаңшы! Ауа-райларына түк бейімделмеген. Ерлері барлық уақытта жалаң бұтқа қысқа етек киетін (ол кезде термо киім деген де жоқ қой) – қалай жаурамаған сонда?!
Қысқасы, мына жақтың ауа-райымен кейде ыстық бір көже ішкің келіп кетеді. Шіркін осындайда ет асып, сорпаға қатық қосып ішкенге не жетсін. Бірақ ет қымбат, сол үшін қандай да болса көжеге риза боласың ) Бүгін төмендегідей көже жасап іштік. Басында ойымдағы көже – күріш көже болатын, бірақ сосын «мынаны да қосайын, мынаны да» деп.. мультиплэйер көже болды ) Бірақ маңыздысы, көженің ыстық болғаны ғой + бұрышы көп болғаны! )
Етті мұздай суға салып қайнатыңыз. Көбігін алып тастауды ұмытпаңыз. Тұздаңыз. Сарымсақ пен көк пияздың ақ жағын турап, майға қуырыңыз. Дайын көк бұршақтан қосып бәрін бірге қуырыңыз. Томат пастасын қосып, талғамға қарай тұздап бұрыштаңыз. Піскен етті сорпасынан шығарып, тураңыз. Туралған етті және қуырылған бұршақты сорпаға қойып пісіріңіз. Дәмін көріңіз, керек болса тағы тұздаңыз. Брокколиді қатты майдалатпай тураңыз да, күрішпен бірге сорпаға қосыңыз (күріш сортына қарай кейін не брокколиден бұрын қосыңыз. Мына жақтың күріштері мега тез піседі екен). Сосын көк пияздың жасыл жағын турап сорпаға қосып, ыстықтай сервис жасаңыз ) Ас болсын! Ауырмаңыздар!
пияз, ірімшік, саумалдық пен саңырауқұлақ қосылған бәліш
Шпинат неліктен қазақша саумалдық деп аталған екен түсінбедім. Бірақ тіл жарықтық сол ғой, көп сөздердің этимологиялық мағынасын іздеудің де керегі жоқ шығар. Тақырыпты жазып отырып туындаған ойлар ғой, бәлішке қатысы жоқ ) Бәлішке келер болсақ, бұл рецепт маған өзінің қарапайым ингредиенттерімен ұнайды. Мысалға, қамырға ұн, қаймақ немесе майлы айран және сары май ғана қосылады. Керемет емес пе? Budget friendly ) Бұл бәліштің пиязды нұсқасын кеше Нұргүл жасап берген еді. Бәлішті жеп отырып «әттең, ішіне саумалдық қосқанымызда ғой» деген ой келді. Содан бүгін Алиманың тамаққа келетінін себеп қылып бұл бәліш қайтадан жасалынды. Қалағанымша саңырауқұлақ пен шпинатты қосып ) Осылай күніміз бәліш жеп өтуде ))
Майды ұнға турап, разрыхлитель мен майдың тұздылығына қарай тұз қосып, айран араластырып қамыр илеп алдым. Қамырды 20 минутқа тоғазытқышқа қойып қойдым. Қамыр осымен дайын деп, ішіне қойылатын заттарды дайындауға кірістім.
Ол үшін алдыменен сарымсақ пен пиязды турап майға қуырып алдым, сосын жуылып туралған саңырауқұлақтарды қостым. Мен үш саңырауқұлақ қолдандым, мөлшерін әдейі жазбадым, әркім ұнатқанына қарай қосар деп. Осыдан кейін жуылып, туралған саумалдық (ор.шпинат) қостым. Бәрін жақсылап тұздап, бұрыштап алдым. Табаның үстін жауып аз отта пісірдім. Піскенін саңырауқұлақ пен саумалдықтың түс өзгергенінен түсінуге болады. Егер табада көп мөлшерде май артылған болса, онда көкөністерді бөлек ыдысқа алып, қағаз майлықпен артық майда алу керек. Әбден суыған көкөністерге жұмыртқа ағын және ірімшіктерді қосып араластырдым.
Қамырды тоңазытқыштан шығарып, екіге бөлдім – бір бөлігі астыға, екіншісі бәліштің үстіне деп. Астындағысы аздап көбірек болған жақсы. Қамырды пісіретін ыдысыма қарай жайып, майланған ыдысыма төседім да, үстіне суыған көкөністерді қойдым.
Енді қамырдың екінші бөлігін де жайып, бәліштің үстін жаптым. Үстіне жұмыртқа сарысын жағып 200C ыстық духовкада пісірдім. Мына жақтың духовкасы қызық жұмыс істейді – қырсықтау өзі ) Сондықтан үсті қызарған сәтте, бәлішті духовкадан шығарып үстін фольгамен жауып, қайта духовкақа қойып аяғына дейін пісірдім.